Жаңалықтар

Қашық ғаламшарлардың әуені: топтама

Физика мен астрономиядан хабары бар адам болсаңыз, ғарышта «үлкен жарылыстан» кейін туындаған вакуум бар екені сіз үшін жаңалық емес. Ал вакуумда ауа да, дыбыс та болмайды. Әрине, электромагниттік толқындар туралы әңгіме бөлек.
05.12.2014 04:06 10813

Қашық ғаламшарлардың әуені: топтама

Физика мен астрономиядан хабары бар адам болсаңыз, ғарышта «үлкен жарылыстан» кейін туындаған вакуум бар екені сіз үшін жаңалық емес. Ал вакуумда ауа да, дыбыс та болмайды. Әрине, электромагниттік толқындар туралы әңгіме бөлек. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап америкалық NASA ұйымының ғалымдары «Вояджер 1», «Вояджер 2» және «Кассини» спутниктерінің Жерге жіберген сигналдарын сараптап, оларды адам құлағы ести алатын дыбыстық диапазондарға айналдырады.

Қашық ғаламшарлардың әуені: топтама

Нәтижесінде ғарыштың «дем алуы», «айқайлауы», тіпті «ғарыштың әуені» деп аталған таңқаларлық дыбыстар жинағы шықты. «Вояджер» спутнигінің негізгі мақсаты күн жүйесінің шекарасынан шығып, онда болуы мүмкін тірі жан иелерін табу және жолда «көрген» заттарын Жерге сигналдар арқылы жіберу еді. 1975 жылы ұшырылған құрылғы қазір күн жүйесінің шекарасынан асып, әлі ешқандай аппарат бармаған планеталардың суреттері мен «дыбыстарын» жіберуде. 

Ғалымдардың айтуынша, бұл дыбыстардың шығу себебі – күн желі мен ғаламшарлар ионосфераларының өзара жанасуынан шығады дейді. Электромагниттік толқындарды айналдырған адам құлағына естілетін бұл диапазондарды NASA ғалымдары «Акустикалық толқындар» немесе «Сфера әуендері» деп те атайды. NASA-лықтардың айтуынша Жерде табиғи толқын шығару қасиеті бар. Егер адамдарда құлақ орнына радиоантенналар болса, ғаламшарымыз шығаратын ерекше дыбыстарды ести алар едік. Олардың басқаша атаулары «атмосфералық кедергілер» немесе «атмосферикалар».  

Осы тылсым, адам құлағына бір уақытта таныс та, таңсық та болатын дыбыстарды сіздерге төменде ұсынамыз.

Сатурн полярлық шұғылаларының дыбысы

Сатурн жүйесінің  зерттеп жүрген Кассини спутнигінің радио мен плазма құрылғылары жазып алған электромагниттік «дыбыстары». Сатурн полярлық шұғылалары Жердің шұғылаларына ұқсас.


Сатурнның серігі Энкеладустың дыбысы

2005 жылы Кассини жазып алған Сатурнның серігі Энкеладустың «айқайы».


     Юпитерден сәлем!

Вояджер 1-дің плазма құрылғылары қабылдаған бұл дыбыстары 1979 жылы жерсерік Юпитердің жанында жазылған. «Акустикалық шу», яғни, күннен шыққан электрлі зарядталған газ, дыбыс жылдамдығынан да тез жылдамдықпен ғарыш кемесімен соқтыққанда шыққан дыбыстар.


     Ганимед магнитосфера дыбысы

1996 жылы Галилей ғарыш кемесінің Юпитердің ең үлкен серігі Ганимедтің магнитосферасында  жазылған дыбыстар. Бұл тарихтағы алғаш ғаламшар серіктерінің магнитосфералық мысалы болатын.


 67Р кометасы/ Чурюмов-Герасименко кометасының дыбысы

2014 жылдың күзінде тарихи оқиға болды. Адамзат тарихында алғаш рет басқа жүйеден келген кометаға апарат қондырылған болатын. Сол аппараттың түсірген суреттері мен дауысын тамашалаңыз.


Юпитердегі найзағай дыбысы

Вояджердің жазып алған Юпитер найзағайының дыбысы. 


Дәл қазір ғарышта әртүрлі биіктікте 1071 жасанды жерсеріктері ұшып жүр. Олардың әрқайсысының орындауы тиіс бөлек тапсырмалары бар. Негізгі жұмыстарынан бөлек қосымша да атқаратын қызық зерттеулері бар көрінеді. Мысалы, мына NASA-лық жерсерік RadioISS деп аталатын тәжірибе жасайды екен. Оның мақсаты, өзінің ұшып бара жатқан жеріне ең жақын радио станциясын тартып, басқаларға тарату. Мысалы, егер ол дәл қазір Австралияның территориясында ұшса, сол елдің радиоларын трасляция жасайды. Оған қосымша, жерсеріктің видеоға түсіретін камерасы бар. Тұрақты жұмыс істемесе де, кей кездері тамаша бейнелерді де көрсететіні бар. 

Суреттердің дереккөзі: Thinkinc

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға