Жаңалықтар

АШМ өкілі парамен ұсталды: іс сотқа жолданды

АШМ өкілі парамен ұсталды: іс сотқа жолданды
Фото: Антикор/Видеодан алынған кадр 17.05.2024 10:51 784

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен Комитеттің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысына қатысты 2021 жылдан бастап 2024 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде жалпы қамқорлығы үшін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі негізде пара алды деген күдік бойынша тергеуді аяқтады.

Тергеу соты күдіктіге қатысты «электронды білезікті» қолдана отырып, «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданды, - делінген мәліметте.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға