Жаңалықтар

АШМ өгізшелер мен тоқтыларды экспорттауға квота лимитін арттырды

АШМ өгізшелер мен тоқтыларды экспорттауға квота лимитін арттырды
Фото: ҚР АШМ 16.10.2024 04:08 422

26 қазаннан бастап Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне өгізшелер мен тоқтыларды экспорттау квотасын бөлу қағидалары күшіне енеді. АШМ бұл норманың алты ай мерзімде әрекет ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

- 12 айдан асқан өгізшелерді әкетудің сандық лимиті 85 мың басты құрайды, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін – 55 мың бас, тауар өндірушілер үшін – 30 мың бас.

- 6 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетудің сандық лимиті 120 мың басты құрайды, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін – 60 мың бас, тауар өндірушілер үшін – 60 мың бас.

- 12 айдан асқан өгізшелерді әкетуге бір бордақылау алаңына арналған лимиттің жиынтық саны 4000 бастан аспайды, ал бір тауар өндірушіге 500 бастан аспайды.

- 6 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге бір бордақылау алаңына арналған лимиттің жиынтық саны 1000 бастан аспайды, ал бір тауар өндірушіге 500 бастан аспайды.

Бұл ретте бір бордақылау алаңына берілетін квота бордақылау алаңы қуатының 20 пайызынан аспауы тиіс және квотаны бөлу сәтінде бордақылау алаңындағы мал басының нақты саны сұратылған квота көлемінен екі есе көп болуы тиіс, - делінген мәліметте.

Квоталар толық таусылғанға дейін бөлінеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға