Жаңалықтар

Асхат Оралов: Кітапханашылардың мәртебесі мен жалақысын арттырамыз

Асхат Оралов: Кітапханашылардың мәртебесі мен жалақысын арттырамыз
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі 19.05.2023 20:43 1343

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Ұлттық Академиялық кітапханада өткен «Мәдениет: Кітап.Білім.Тіл» атты open air фестивалінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Министр әр өңірдегі 96 кітапханадан келген қызметкерлерді кәсіби мейрамдарымен құттықтап, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленген кітапханашылар мен сала ардагерлерін марапаттады. Сондай-ақ бірқатар кітапханаға алғыс хат табыстады.

Асхат Оралов: Кітапханашылардың мәртебесі мен жалақысын арттырамыз

Ашық аспан астында қазақстандық баспалардың кітаптарын сатып алуға болатын дүкен, фотоаймақ, балалар павильоны мен тіл, мәдениет, әдебиет және кітапхана ісін дамыту мәселелерін талқылауға арналған сахна орнатылды. Журналистер, редакторлар және кинорежиссерлердің қатысуымен кітап көрмесі, нетворкинг және шеберлік сабақтары өтті.

Ұйымдастырушылар мен қонақтар зияткерлік іс-шараны Астана мен еліміздің басқа да өңірлерінен зиялы қауым өкілдерін, оқытушылар мен мәдениет қызметкерлерін жинаған шағын мерекеге айналдырды. Фестивалге шетелдік қонақтар - Халықаралық Түркі академиясының президенті Шахин Мұстафаев, Франция, Иран және басқа да мемлекеттер елшіліктерінің өкілдері қатысты.

Асхат Оралов: Кітапханашылардың мәртебесі мен жалақысын арттырамыз

Жас ұрпақты тәрбиелеуде және қалыптастыруда осы салада жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегі маңызды рөл атқарады. Олардың қатысуынсыз бұл жұмысты елестету мүмкін емес. Қазіргі уақытта Қазақстанда 11 000-ға жуық кітапханашы жұмыс істейді. Қазір кітапхана қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және олардың еңбекақысын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деді Асхат Оралов.

Ведомство басшысы фестивалге келген кітапханашылармен сөйлесіп, Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратындағы шағын сурет көрмесін аралады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға