Асхат Аймағамбетов ағзасын біреуге беруге дайын екенін айтты
Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
24.01.2024 13:10
6105
Депутат Асхат Аймағамбетов Мәжіліс кулуарында мәйіт доноры болуға қатысты көзқарасын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжілісмен Аймағамбетов ағзасын трансплантациялау үшін донор болуға дайын екенін атап өтті.
Өзім дайынмын. Өйткені біз әрине өзіміздің шешімізді айтуымыз керек. Бұл өте сезімтал сұрақ. Әр азаматтың өзінің шешімі бар. Кейбірінің діни ұстанымдары бар, кейбірінің басқа құндылықтары мен дүниеге деген өз көзқарастары бар. Сондықтан өздерінің шешімдері болу керек. Өйткені әр азаматтың өз ойы бар , - деді депутат.
Айта кетейік, бұрынғы оқу-ағарту министрі, қазір мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Түркиядағы трансвеститтер клубына барған мұғалімдерге қатысты пікір білдірген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Депутат Қазақстанда кальянға тыйым салуды ұсынды