Әсел Жанасова Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мемлекет басшысының өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. Кембридж университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы "ENRC Kazakhstan" өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастады.
2016-2017 жылдары — "Зерде" ҰБХ" АҚ басқарма төрайымы.
2018-2020 жылдары — "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.
2020 жылдың 20 шілдесінен бастап - Қазақстан Республикасы сауда және интеграция вице-министрі
2022 жылғы 3 қазаннан бастап "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының шешімімен «Қазпошта» АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

