Әсел Сағатова көпшілікті ерекше шаш үлгісімен таңғалдырды
02.02.2024 13:00
Фото:
instagram.com/adiyascamera/
Танымал актриса Әсел Сағатова әлеуметтік желіде жаңа шаш үлгісімен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Instagram желісіндегі фотодан Әсел Сағатованың шашының қысқарып қалғанын байқауға болады. Алайда өнер иесі мұның парик қана екенін айтады.
Сырт келбетіңізді өзгерткенді ұнатасыз ба? Мен негізі ондайға аса жоқпын. Бірақ өзім сенімді болатын жоба үшін басымды тақырлап тастауға дайынмын. Әзірге париктер де жақсы жарасып тұр, - деп жазды Әсел Сағатова.
Ал оқырмандар болса, актрисаның жаңа образына деген таңданысын жасыра алмады.
«Сіз шашсыз да кереметсіз», «Керемет болып тұрсыз», «Образыңыз күшті», - деп жарыса жазуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

