Жаңалықтар

Асайын Байханов Май ауданының бірқатар нысандарын тексерді

Бұл туралы аймақ басшысы өзінің Instagram парақшасында жариялады
Асайын Байханов Май ауданының бірқатар нысандарын тексерді
Фото: pavlodarnews.kz 25.12.2022 14:45 2483

Павлодар облысының әкімі Май ауданына сапарында бірқатар нысандарды тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Кеше Май ауданына барып, бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды араладым. Олардың біріншісі - 15 елді мекенді қамтамасыз етіп отырған суды тазарту станциясы. Су барлық санитарлық нормаларға сәйкес келсе де, тұрғындар оның қаттылығына шағымдануда. Шағым қабылданды, минералдарды азайту бойынша жұмыс жасайтын боламыз, - деп жазды облыс әкімі.

Асайын Байханов Баскөл ауылында мәдениет үйін көріп қайтты. Ол мұндай нысандар, әсіресе, ауылдық жерлерде тұрғындар келетін орталық болуы керек екенін, бұл үшін олар заманауи және жақсы жабдықталуы тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ облыс әкімі Көктөбе орта мектебінде (көптеген басқа ауылдық мектептер, ауруханалар мен кітапханалар сияқты) мамандығына адал адамдардың жұмыс істейтініне көз жеткізгенін айтты. Ғимарат ұзақ уақыт бойы жөндеуді және жеке қазандықты қажет етеді. Ол үшін аудан әкіміне ЖСҚ әзірлеуді тапсырды.

Облыс тұрғындары көтерген және алдағы уақытта айтатын мәселелердің барлығын бірден шешу мүмкін емес. Оған уақыт пен күш қажет. Бірақ біз сіздердің барлық өтініш-тілектеріңізді орындауға тырысамыз, - деді Асайын Байханов.

Еске салайық, облыс әкімі ауылдық жерлерге сапарын Баянауыл ауданынан бастаған болатын.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға