Жаңалықтар

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Фото: Бас прокуратура 20.12.2024 09:37 149

Бас прокуратура аса iрi мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2023 жылы Корея Республикасынан автокөліктерді нарықтық бағадан төмен бағамен жеткізуге уәде беріп, алаяқтық жолмен 6 жәбірленуші - Алматы қаласы тұрғындарының қаражатын иемденіп, оларға жалпы көлемде 145 миллион теңгеден астам залал келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, соған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған. Биылғы сәуірде ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, содан кейін Қазақстанға экстрадицияланды, - делінген мәліметте.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға