Жаңалықтар

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық маниторинг агенттігі мәлімдеді
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды
Фото: fingramota.kz 27.06.2022 12:22 2022

Алматыда «World Business Consulting» қаржылық пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қаақстан Республикасының Қаржылық маниторинг агенттігімәлімдеді.

Агенттіктің мәліметінше ұйымдастырушылары азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынған.

– Бұл компаниялар сыйақыны алуға кепілдік берді. 2018-2021 жылдары WBC қаржылық пирамидасына жалпы сомасы 5,8 млрд теңге тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді. Сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен қатар, пирамидалық схемасының тағы бес ұйымдастырушысы халықаралық іздеуге жарияланды,– деді Қаржы маниторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Қаржылық маниторинг агенттігі азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға