Жаңалықтар

Арзан бағада ет алғысы келген қостанайлық тұрғын алаяқтың арбауына түсті

Арзан бағада ет алғысы келген қостанайлық тұрғын алаяқтың арбауына түсті
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 03.11.2023 21:08 1742

Арзан бағада ет алғысы келген қостанайлық тұрғын алаяқтың арбауына түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, 21 қазанда Қостанай қаласының Солтүстік полиция бөліміне тұрғын алаяқтық дерегі туралы арыз қалдырған.

Ол қазанның 21-і күні WhatsApp әлеуметтік желісінде ет сату туралы хабарландырулар жарияланған топқа хабарлама жазғанын айтты.

Топ әкімшісі оның қазіргі таңда тартылған етті сатып алу туралы өтінішін орындау мүмкін болмайтынын айтты. Себебі ол таусылып қалған. Кейінірек ол бейтаныс нөмірден тартылған етті топта ұсынылғаннан да төмен бағамен сатып ала алатындығы туралы хабарлама алды. Қыз көрсетілген нөмірге 13 мың теңге көлемінде ақша жіберді.

Бірақ сатып алған өнімін ол көрмеді.

Жәбірленуші полицияға жүгінуге шешім қабылдады. Хабарлама тіркелді және осы дерекке сәйкес ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға