Арыстық оқушы әлемнің 9 еліндегі 86 университеттен шақырту алды
03.05.2025 16:50
Фото:
Түркістан облысы әкімдігі
Түркістан облысы Арыс “Білім-Инновация” лицейінің 11-сынып оқушысы Алтынбек Айсұлтан әлемнің 9 еліндегі 86 университеттен шақырту алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың ішінде ең беделді халықаралық 10 университет көрсетілген. Атап айтқанда: Budapest University of Technology and Economics, Eötvös Loránd University, University of East London, Albion College, Hampshire College, Drexel University, DePaul University, CU Boulder (University of Colorado Boulder), Drake University, Temple University секілді әлемге әйгілі жоғары оқу орындары бар.
Бұл білім ордалары – жаһандық рейтингтерде жоғары орын алатын, ғылым, технология, бизнес және әлеуметтік ғылымдар саласында жетекші университеттер қатарында.
Айсұлтан иеленген грант 4 614 000 долларды құрайды. Бұл жетістік – Айсұлтанның табандылығы мен талпынысының, ата-анасының қолдауы мен ұстаздарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

