Жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлының әйеліне қатысты үкім өзгерді

Арыстанбек Мұхамедиұлының әйеліне қатысты үкім өзгерді
Фото: facebook.com/mukhamediuly 05.07.2024 16:41 406

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының жұбайы Ғалия Ысқақоваға қатысты шыққан үкім өзгертілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 ақпандағы Ысқақова Ғалия Нығметқызына қатысты үкімі өзгертілсін. Ғалия Нығметқызы Исхакованың әрекеттері қылмыстық кодекстің 368-бабынан бастап, 1-бөлігі Қылмыстық кодекстің 24-бабына, 3-бөлігі, 368-бөлігі, 1-бөлігі болып қайта саралансын. Қылмыстық кодекстің 24 - бабы, 3-бөлігі, 368-бөлігі, 1-бөлігі бойынша сотталған Ысқақова Ғалия Нығметқызы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға есептелсін, - деді судья.

Сонымен қатар, сот Ысқақованың негізгі жазасы өтелді деп есептелсін деді. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалды.

2023 жылғы 5 шілдеден бастап үкім заңды күшіне енгенге дейін үй қамауында ұстау мерзімін есепке алуды ескере отырып, бір күнде екі күн есебінен Ғалия Ысқақованың 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазасы өтелді деп есептелсін, - деп қосты судья.

Айта кетейік, Мұхамедиұлы аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның әйелі Ғалия Ысқақова пара алуда делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айырылған еді.

Делдал болған адвокат Мұстахим Тулеев аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға