Арыста екі адамды атып өлтірген үшінші күдікті ұсталды
12.08.2023 00:40
Фото:
t.me/POLICE_of_KZ
Арыс қаласында екі адамды атып өлтіріп, тағы екеуін жарақаттаған үшінші күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
5 тамыз күні белгісіз біреулер Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, қарудан оқ атқан. Кейін қашып кеткен. Салдарынан үй иесі мен оның танысы алған жарақаттарынан көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
Кеше қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі адам қолға түсті. Үшіншісі іздестіріліп жатқаны хабарланды.
ІІМ Криминалдық полиция департаменті мен Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын бірлесіп өткізген. Мәлім етілгендей, ұсталған үш күдіктінің бірі – тапсырыс беруші, қалған екеуі – орындаушы.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

