Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды
12.06.2023 10:58
Фото:
«Нұр Отанның» баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол бұл қызметті 2019 жылғы шілдеден бері атқарып келді.
Саин Аружан 1976 жылы 10 тамызда Қызылордада туған.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (1993)
География факультеті, экология және мониторинг кафедрасы
Еңбек жолы:
- «Хабар» арнасында күн сайын шығатын «Разминка» бағдарламасының жүргізушісі (1993 жылдан бастап);
- «Быстро и Вкусно», сосын «Звездное меню» кулинарлық бағдарламасының тележүргізушісі (1994-1999);
- «Еркемай» балалар бағдарламасының тележүргізушісі (1994-2000);
- «Ел Арна» телеарнасындағы «Мамина школа» танымдық бағдарламасының жүргізушісі (2006);
- «Спокойствие, только спокойствие» ток-шоуының тележүргізушісі (2010);
- «Подари детям Жизнь» бағдарламасының жүргізушісі (2011 ж. бастап).
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

