Қазақстандықтардың басым бөлігі стандартты жұмыс уақытын сақтап, әдеттегі қырық сағаттық апталық кестемен еңбек етеді. Дегенмен елде осы нормадан артық жұмыс істейтін адамдар да аз емес. Мұндай жағдай олардың жұмысы мен жеке өмірінің арасындағы тепе-теңдікке әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұзақ уақыт жұмыс істейтіндердің көпшілігі жалдамалы қызметкерлер, қалған бөлігі өз-өзін асыраумен айналысатындар. Соңғы жылдары артық жұмыс істейтіндердің үлесі біртіндеп азайып келе жатқаны байқалады. Бұрын мұндай қызметкерлер әлдеқайда көп болған.
Ең көп қосымша жұмыс сауда саласында тіркелген. Одан кейін өнеркәсіп, көлік пен логистика, сондай-ақ құрылыс салаларында жұмыс істейтіндер жиі артық уақыт жұмсайды.
Ал артық жұмыс ең аз кездесетін бағыттарға коммуналдық қызметтер, қаржы және сақтандыру, сондай-ақ ақпараттық технологиялар салалары кіреді.

