Жаңалықтар

Қарттарға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі Атырау облыстық ҚХА ерекше назарында

Қарттарға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі Атырау облыстық ҚХА ерекше назарында
11.09.2018 12:16 2190

Атырау облысының Құрманғазы ауданында жергілікті Қазақстан халқы Ассамблеясының және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен аймақтық қоғамдық келісім Кеңесінің кеңейтілген кезекті отырысы өтті.

Оның барысында халықтың әлеуметтік жағдайы төңірегінде мәселелер көтерілді, нақтырақ айтқанда қарияларға көрсетіліп отырған әлеуметтік көмектерге тоқталды.

Отырысты Құрманғазы ауданы Қоғамдық келісім Кеңесінің төрайымы Ақтілек Хамитова ашып, атқарылған жұмыстар туралы қысқаша баяндап берді.  

Шараға «Нұр Отан» партиясының Құрманғазы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудан әкімінің орынбасары, облыстық, аудандық, ауылдық округтердің қоғамдық келісім Кеңесінің төрағалары мен мүшелері, аналар Кеңесінің төрайымдары, мүшелері, ардагерлер Кеңесінің төрағасы, әлеуметтік, білім беру, мәдениет саласының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

        

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға