Жаңалықтар

Artsport бағдарламасы бойынша талап күшейтілді

Әсіресе қызмет көрсетушілерге қатысты талап қатаңдатылды
Artsport бағдарламасы бойынша талап күшейтілді
Фото: top-news.kz 13.12.2022 01:09 1058

Artsport бағдарламасы бойынша талап күшейтілді, деп хабарлайды El.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Жаңа талапқа сәйкес әр балаға бір ваучерден ғана беріледі.

Сондай-ақ кейбір бөлімдерде жас шегі төмендетілді, мысалы, еркін күреске бұдан былай тек 10 жастан бастап жазылуға болады. Сонымен қатар үйірме ұйымдастырушыларына қатаң санитарлық талаптар қойылмақ. Айта кетейік, ArtSport бағдарламасы аясында бюджет қаржысының 1 млрд теңгеден астамы талан-таражға түскені белгілі болды. Шенеуніктер алты мыңға жуық баланы үйірмелер мен секцияларға тіркеген, бірақ олар іс жүзінде ештеңеге қатыспаған болып шықты.

Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы үйірмелерде оқушыларды спортқа қатысы жоқ адамдар дайындағаны белгілі болды. Тіпті, бұрын жезөкшелікке және жыныстық қол сұқпауға қарсы қылмыс жасағаны үшін сотталғандар да бар, - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға