«Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы қайтыс болды
Лондонның «Арсенал» клубының бұрынғы футболшысы Билли Вигар алған жарақатынан кейін есін жимастан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
21 жастағы футболшы Англияның төменгі лигаларының бірінде өнер көрсететін «Чичестер Сити» командасының намысын қорғаған. Ол «Уингейт энд Финчлимен» өткен ойында жарақат алып, жасанды комаға түскен еді.
Клубтың баспасөз қызметі мәліметінше, дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн бойы күрескен, алайда аман алып қала алмады.
Өткен ойында ол ауыр бас-ми жарақатын алды. Сенбі күні дәрігерлер Биллиді жасанды комаға енгізді. Сейсенбіде оның жағдайын жақсарту үшін операция жасалды. Операция сәтті өтті, бірақ алған жарақаты тым ауыр болып, бейсенбі күні қайтыс болды, – делінген ресми мәлімдемеде.
Билли Вигар 14 жасынан бастап «Арсенал» академиясында тәрбиеленіп, бірнеше рет жалға берілді. Өткен жылы ғана клубпен келісімшартын толықтай аяқтаған. Лондондық команда бұрынғы шәкіртінің қазасына байланысты көңіл айтты.
Бүкіл «Арсенал» ұжымы академия түлегі Билли Вигардың қазасына қайғырып отыр. Жатқан жерің жайлы болсын, Билли, – делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, футболшы матч барысында сәтсіз құлап жарақат алған. Ойын 15-минутта тоқтатылып, жалғастырылмаған.

