«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорынында болған апатқа қатысты екі адам қамауға алынды
20.06.2022 16:23
Фото:
Kaztag.kz
Қарағанды облысы Полиция департаменті 10 маусымда «АрселорМиталл Теміртауда» 4 адамның қайтыс болу фактісіне байланысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды El.kz Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу амалдары үшін арнайы комиссия құрылып, өндірісте болған қайғылы жағдай бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Қылмыстық істі тергеу барысында мекеме жұмысшылары сонымен қатар өндіріс кезінде қауіпсіздік шараларына жауапты адамдардан жауап алынды.
Жинақталған материалдардың негізінде Қылмыстық кодекстің 277-бабында (құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын бұзып, абайсызда екі немесе оданда көп адам өліміне әкеп соққан) көзделген қылмыстық әрекетті жасады деген күдікпен қауіпсіздік шараларына жауапты 2 басшы ұсталды, - делінген хабарламада.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

