Жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" шахтасында жарылыс болып, 5 адам қаза тапты

"АрселорМиттал Теміртау" шахтасында жарылыс болып, 5 адам қаза тапты
03.11.2022 1215

Ленин атындағы шахтадағы апат салдарынан кеншілер уланып, түрлі жарақат алды, деп хабарлайды El.kz

Ленин атындағы шахтада болған апаттан кейін Шахтинск қаласының орталық ауруханасына 4 зардап шеккен кенші жеткізілді. Алдын ала диагноз – метанмен улану.

«Зардап шеккендердің екеуі Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикологиялық бөлімшесіне ауыстырылды. Уланудан басқа әртүрлі дәрежедегі жарақат алған тағы екі адам Шахтинск қаласында. Консилиум өткізу үшін санавиациямен құрамында 2 нейрохирург және 2 реаниматолог бар Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана мамандарынан құралған бригада келіп жетті», - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, 3 қарашада шамамен сағат 03.00-де Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Ленин атындағы шахтада газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен газ жарылған. Салдарынан бес адам қаза тапы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға