Жаңалықтар

Армиядағы әскери атақтардың реті қандай?

Армиядағы әскери атақтардың реті қандай?
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 07.05.2023 14:20 9575

Әскери қызметте еңбек етіп жүргендердің бірден көз тартатыны – олардың ерекше киім үлгісі мен погондары. Бұл погондардағы жұлдыз саны әскери шенін көрсететінін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Осы ретте El.kz тілшісі «погондар не үшін керек?» деген сұраққа жауап іздеп көрді.

Әскердегі темірдей тәртіп шен арқылы реттеліп отырады. Тіпті, кімнің бірінші амандасатыны да шенге байланысты. Ол жерде бір-бірін жасына емес, әскери шеніне қарап сыйлайды. Ал олардың қандай лауазымда екенін, қандай шенге ие екенін погонына қарап білуге болады.

Армиядағы әскери атақтардың реті қандай?

Әскери қызметкердің йығындағы погонда белгіленген жұлдыздарға талай көзіңіз түскен болар. Бұл жұлдыздар әскери атақты білдіреді:

Мәселен, армия генералы төрт жұлдызды погон. Жұлдыздар қатар орналасады.

Генерал-полковник үш жұлдызды, жұлдыздар басынан бастап қатар орналасады.

Генерал-лейетенантта екі жұлдыз, қатар сап түзеп орналасады. Генарал-майорда бір жұлдыз, погонның дәл ортасында.

Полковниктер үш жұлдызды погон тағады. Төменде орналасқан екі жұлдыз төменгі жиектен 35 мм-де тұрады. Ал екі жұлдыздың үстіндегі бір жұлдыз олардан 25 мм болуы тиіс.

Подполковниктер екі жұлдызды погон тағады. Погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағынан орналастырылған, погонның төменгі жиегінен жұлдызға дейін 35 мм болады.

Ал майорларда бір жұлдыз. Бұл жұлдыз погонның осьтік сызығы бойында тұрады. Погонның жиегінен жұлдызға дейін 55 мм болады.

Капитандардың погонында төрт жұлдыз бар. Төменде орналасқан екі жұлдыз, погонның жиегінен жұлдызға дейін 30 мм қашықтықта болады, тағы екі жұлдыз погонда жоғарыдағы екеуінен төмен болады, погонда жұлдыз бен жиек 20 мм-де орналасады.

Аға лейтенанттарда – үш жұлдыз, олардың төменгі екеуі погонның погонның екі жағында тұрады, погонның төмен жиегінен жұлдызға дейін 30 мм болады, үшінші жұлдызы екі жұлдыздан жоғарырақ тұрады, погон бойындағы жұлдыздардың бір-бірінен 25 мм болып орналасады.

Лейтенанттарда – екі жұлдыз, погонның осьтік сызығы бойы мен жиегі арасындағы ортада екі жағында тұрады. Погонның төменгі жиегінен жұлдыз ортасына дейінгі қашықтық – 30 мм.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға