Армения президенті елімізге ресми сапармен келеді
12.10.2024 12:35
Фото:
president.am
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения президенті Ваагн Хачатурян 15 қазан күні елімізге ресми сапармен келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында саяси, сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланады.Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады деп жоспарланып отыр.

