Жаңалықтар

Арман Шаққалиев үкімет сағатында азық-түлік өнімдерінің қымбаттағанын атады

Арман Шаққалиев үкімет сағатында азық-түлік өнімдерінің қымбаттағанын атады
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі 26.12.2023 01:39 1069

Мәжілістің вице-спикері Альберт Раудың төрағалығымен Үкімет сағатында сауда саясатын дамытудағы Үкіметтің іс-шаралары жөнінде Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндама жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Арман Шаққалиев бүгінде министрліктің жұмысы үш негізгі бағыт – ішкі сауда, сауда-экономикалық интеграция және экспортты қолдау бойынша жүргізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, сауда секторы әлеуметтік бағыт бойынша 1-орында, жалпы ішкі өнімге экономикалық үлесі бойынша 2-орында тұр.

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің 13-інің бағасы көтерілгенін айтты. Мәселен, нан, ет, жұмыртқа, сүт, май және т.б. өнімдер қымбаттаған.

Ол тауар өткізу жүйесін құру, ішкі нарықты қорғау, отандық тауар өндірушілердің әлеуетін пайдалану, қазақстандық тауарларды сыртқы нарыққа шығарудағы кедергілерді жою және өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету де түйткілді мәселе екенін атады. 

Альберт Рау апта соңына дейін айтылған ұсыныстар ұсынымдарда жинақталып, Үкіметке жіберілетінін айтты. Сондай-ақ заң жобасын әзірлеуге қатысты ұсыныстар алдымен тиісті комитетте қаралып, содан соң нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер енгізу туралы шешім қабылдануы тиіс екенін жеткізді.

Үкімет сағаты аясында Сауда және интеграция министрлігі отандық тауарлар мен қызметтерді экспорттаушылардың көрмесін ұйымдастырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға