Арман Дүйсеновтің жұбайы алғаш рет композитордың өлімі туралы ашық айтты
Белгілі композитор Арман Дүйсеновтің жұбайы Айсұлу Айданқызы «TalkLike» бағдарламасына сұхбат беріп, күйеуінің қазасына байланысты алғаш рет ашық пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Айсұлудың айтуынша, жұбайы бұған дейін айтылғандай жертөледе емес, зауыт аумағында көз жұмған.
Маған қоңырау соғылды. Ол кісі Калелхан Иманмәди болатын. Ол бізге «Арманның жағдайы нашарлап кетті, тез келіңіздер» деді. Не болғанын сұрағанымда, «Жедел жәрдем келе жатыр» деп қысқа қайырды. Біз ұлымызбен дереу зауытқа бардық. Сыртта жедел жәрдем көлігі тұр екен. Екінші қабатқа көтерілгенімізде Арманның бетін жауып қойғанын көрдік. «Не болды?» дегенімде, жүрегі тоқтап қалғанын айтты. Ол ешқандай жертөледе қайтыс болмаған – бұл ресми тіркелген дерек, – деді Айсұлу Айданқызы.
Сонымен қатар марқұмның жұбайы оқиға болған орында студия болмағанын да айтты.
Мен «Арман ол жерге не үшін барды, ол студия емес қой?» деп сұрадым. Сонда маған былай түсіндірді: «Балалар таң намазына дәрет алып жатқанда, Арман ағаларының сапқа тұрмай, диванда жатқанын көріпті. Оятпақ болған, бірақ ол тұрмаған» деді, – деді Айсұлу.
Айта кетейік, қазақ эстранасының көрнекті өкілі, көптеген танымал әндердің авторы Арман Дүйсенов 2023 жылғы қаңтарда қайтыс болды.
@talk_like #amantasygan #рекомендации #talk_like #rek ♬ оригинальный звук - AMAN TASYGAN LIVE

