©Pixabay.com

Арктикадағы температура рекордтық деңгейге жетті – NOAA

АҚШ-тың Ұлттық мұхиттық және атмосфералық зерттеулер басқармасының (NOAA) мәліметінше, 2024 жылдың қазан айынан 2025 жылдың қыркүйегіне дейінгі аралықта Арктикадағы ауа температурасы 1900 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жеткен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ведомство деректеріне сәйкес, ауа мен судың жылынуы мұздықтардың жедел еруіне және Арктика ландшафтының өзгеруіне әкеліп отыр. Ғалымдар бұл үдеріс Дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуіне, соның салдарынан опырылулар мен цунамилердің қаупіне себеп болуы мүмкін екенін ескертеді.

Сонымен қатар мұздықтардың еруі кезінде темір мен басқа да химиялық элементтердің босап шығуы арктикалық сулардың ластануына алып келуде. NOAA мамандарының пікірінше, бұл жағдай Чукот және Беринг теңіздерінде мекендейтін кейбір жануарлар түрлерінің жойылып кету қаупін арттыруы мүмкін.

Есеп авторларының айтуынша, соңғы он жыл Арктика үшін бақылау тарихындағы ең жылы кезең болып отыр. Бұл дерек климаттың өзгеруі аймақта жыл сайын күшейіп келе жатқанын көрсетеді.