Жаңалықтар

Аристотель

Аристотель Стагирит – грек философы, энциклопедиялық еңбектердің авторыстотель Стагирит – грек философы, энциклопедиялық еңбектердің авторы
17.11.2015 11:53 5958

Аристотель

Аристотель Стагирит – грек философы, энциклопедиялық еңбектердің авторы, біздің дәуірімізге дейінгі 384 жылы Македонияның Стагира қаласында дүниеге келген. Оның әкесі белгілі дәрігер болатын. Ол он жеті жасқа келгенде Платонның Академиясында оқу үшін Афинаға жол тартып, алғашқыда оның шәкірті болған, кейін осында оқытушылық қызмет атқарған. Ол онда жиырма жасқа дейін болды да, Платон қайтыс болғаннан кейін ол жерден кетті. Аристотель өз әкесінен биологияға, практикалық ғылымға деген қызығушылықты мұра етіп алды да, Платонның әсерімен философияға деген ықыласын дамыта түсті. 347 – 334 жылдары ел аралап, кіші Азияда және т.б. елдерде болды.

Біздің дәуірімізге дейінгі 324 жылы Аристотель Македонияға қайта оралып, кейіннен тарихқа Ұлы Александр (Македонский) деген атпен кірген  патшаның он үш жастағы ұлына дәріс оқытатын үй мұғалімі болып орналасты. Аристотель бозбала Александрды бірнеше жыл бойы оқытты. Біздің дәуірімізге дейін 335 жылы, яғни Александр таққа отырғаннан кейін Аристотель Афинаға қайта оралып Ликей (лицей) деп аталатын өзінің мектебін ашты. Бізге жеткен аңыздарға қарағанда Аристотель шәкірттерін серуеңдетіп жүріп дәріс беретін балған. Соған байланысты бұл мектеп гректің peripatetikos, яғни серуеңдей жүріп орындау мәніндегі сөзіне сәйкес «перипатетикалық мек­теп» деп аталды. Ол өзінің кезекті он екі жылын Афинада өткізді. Бұл кезең Александрдың жорықты жылдарымен тұспа-тұс келеді. Александр өзінің ұстазынан кеңес сұраған жоқ, бірақ, ол оны зерттеу мақсаттарына жетерліктей мол ақшамен қамтамасыз етіп отырды. Бұл, бәлкім, мемлекеттің ғылыми зерттеулер үшін қаржы бөлген тарихтағы тұңғыш үлгі-өнеге болса керек.

Солай бола тұра Аристотельдің Александрмен одақ болуы қауіпсіз болды дей алмаймыз. Аристотель Александрдың диктаторлық үстемдігін принципті түрде қолдамай қойды. Сондай-ақ Александр Аристотельдің жиенін сатқындық жасады деген күдікпен жазалап қана қоймай, дәл сондай айыпты Аристотельдің өзіне де тақпақ болды. Алайда, Аристотель демократиялық көзқарасты ұсынып, Александрмен қарым-қатынасын үзе қойған жоқ. Содан болса керек, біздің дәуірімізге дейінгі 323 жылы Александр дүние салғаннан кейін, Афинаны Македонияға қарсы фракция бақылауға алғаннан соң, Аристотель сотқа тартылды. Сөйтіпа жетпіс алты жасында сергелдеңге түскен Сократтың тағдырын қайталады. Ол амалын тауып қаладан қашып шықты. Аристотель алпыс екі жасында, біздің дәуірімізге дейінгі 322 жылы қайтыс болды.   

Аристотель атқарған істің көлемі ұшан-теңіз. Бізге оның 47 еңбегі келіп жеткен, ал көне мәліметтер ол 170 кітап жазған деп көрсетеді. Әсіресе, оның ілім-білімінің, дүние-танымының кеңдігі таңғалдырады. Оның ғылыми еңбектері сол кездегі ғылыми білімнің шын мәніндегі энциклопедиясы деуге лайық. Аристотель астрономия, зоология, эмбриология, жаратылыстану, геология, физика, анатомия, физио­логия және ерте замандағы гректерге белгілі барлык білім салалары бойынша калам тартты. Оның ғы­лыми еңбектері өзінен бұрын жиналған білімдердің жиынтығы бола білді, яғни оның бір бөлігі – көмекшілері жинаған ілім-білім ақпараттары да, бір бөлігі – өзі байқаған құбылыстардың нәтижесі.


Дәурен Омаров

Ұқсас мақалалар:

Аристотельдің дұрыс және бұрыс мемлекеттері

Адамзаттың ең үздік ойлары: Аристотель

Аристотельдің еңбектері мен көзқарастары

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға