Жаңалықтар

Қарин Мәдинаның жақындарына көңіл айтты

Әрбір жаңалыққа елеңдеп, аймақтағы құзырлы органдармен  хабарласып, ақпарат алып отырдық.
Қарин Мәдинаның жақындарына көңіл айтты
11.08.2022 08:42 1013

Соңғы күндері бүткіл ел Қостанай облысынан жақсы жаңалық күтіп отырды, деп хабарлайды EL.KZ. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Бес жастағы Мәдина із-түссіз жоғалып кетті" деген хабар тарағаннан бастап бүлдіршіннің аман-есен табылып, ата-анасымен, бауырларымен қауышқанын тіледік. Өмірге енді келген жеткіншектің жапан түзде жалғыз жүргенін ойлаудың өзі қорқынышты еді. Мәдинаны іздеуге құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен, Ұлттық гвардияның әскерилерінен, кинологтардан және еріктілерден құралған мыңға тарта адам жұмылды. Әрбір жаңалыққа елеңдеп, аймақтағы құзырлы органдармен  хабарласып, ақпарат алып отырдық - деді ол.

Ол бүлдіршіннің ұазасы бүкіл елге ауыр тигенін айтты.

Бірақ тағдырдың жазуы басқа екен. Жағымсыз жаңалық жанымызға қатты батты, жүрегімізге ауыр тиді. Ажалдың арсыз екенін, айтып келмейтінін бәріміз білеміз ғой. Дегенмен дүниені енді танып жатқан балақайдың ажалы тұтас қоғамды есеңгіретіп кетті. Әлі өз-өзімізге келе алмай, жазмыштың бұлай жазылуына сене алмай отырмыз. Мәдинаның ата-анасының, жақын-жуықтарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Бекем болыңыздар. Жаратқан ешбір адамды баласымен сынамасын. Ұрпағымыз аман, бейбіт заман болсын! Бір бірімізге қамқор болайық! - деп жазды Ерлан Қарин.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға