Жаңалықтар

Ардақ Амангелдиев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды

Ардақ Амангелдиев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі 09.07.2024 20:34 647

Ардақ Амангелдиев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ардақ Амангелдіұлы Амангелдиев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, - делінген Үкімет қаулысында.

Ол 1975 жылы дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Сондай-ақ Ли Куан Ю атындағы мектеп пен Д. Кеннеди атындағы Гарвард мектебінің бірлескен шеберлік бағдарламасын (мемлекеттік басқару бойынша магистр) оқыған. 

Еңбек жолын 1996 жылы Қарағанды ​​облыстық қаржы басқармасының бас маманы болып бастады. Әртүрлі жылдары Қаржы министрлігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Денсаулық министрлігінде, «Қазына» тұрақты даму қорында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында, Ұлттық банкте, Премьер-Министрдің кеңсесінде және ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет етті. 

2016-2023 жылдар аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығында басқарушы кеңесшісі, АХҚО басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Аталған министрлікте стратегия, экономика және қаржы мәселелеріне жетекшілік етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға