Жаңалықтар

Әрбір ЖОО жанынан ситуациялық және дағдарыс орталықтары ашылды

Әрбір ЖОО жанынан ситуациялық және дағдарыс орталықтары ашылды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 22.08.2024 15:17 473

Кез келген студент өзі оқитын университеттің Ситуациялық орталығына хабарласа алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, мұнда оған университет жатақханасында қанша орын бар екені, университет жанындағы жатақханада орын болмаған жағдайда, қай жекеменшік жатақханамен келісімшарты бар екені туралы ақпарат ұсынылады.

Министрліктің де Ситуациялық орталығы республика бойынша жұмыс істейді, – деді ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар әрбір университеттің жанында Дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Бұл орталықтар жолдан келген бала далада қалып қоймас үшін университеттің қасынан орын тапқанша жататын орын болып табылады.

Жатақхана тапшылығы көп байқалатын Астана, Алматы қалаларында министрліктің де Дағдарыс орталықтары ашылды, - деді спикер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға