Жаңалықтар

«Араққа тәуелді адамды коньякпен емдеуге бола ма?»: Ринат Зайытов министрді сынға алды

«Араққа тәуелді адамды коньякпен емдеуге бола ма?»: Ринат Зайытов министрді сынға алды
Фото: t.me/mazhilis_kz 18.03.2024 14:27 1183

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ішімдікке тәуелді науқастарды емдеу жүйесін қайта қарастыру керек екенін айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат Ринат Зайытов денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға «Араққа тәуелді адамды коньякпен емдеуге бола ма?» деп сұрақ қойды. Министр депутаттың сұрағы «Метадон» туралы екендігін нақтылады.

Сонымен қатар, министр бұл науқас басқа наркотикті іздегенде үлкен қылмысқа барып жатса оның алдын алу үшін халықаралық тәжірибе ретінде енгізілгенін атап өтті. 

Онда дөңгелек үстелді өткізуді сұраймын. Себебі, бізге де шағымданып жатқан мамандар бар. Сіздің ведомствадағы Дудник мырзаға ештеңені дәлелдеп болмайсы. Ол кісі өзінің позициясынан айнымайды. Бір нашаға тәуелді адамды екінші түрімен емдейміз деген ақылға қомбайтын нәрсе, - деді Ринат Зайытов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға