Жаңалықтар

Аралда келіннің мазасын алған ене қамауға алынды

Аралда келіннің мазасын алған ене қамауға алынды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 14.10.2024 21:12 1406

Қызылорда облысы Арал ауданында жергілікті тұрғын әкімшілік қамауға алынды. Соттың мәліметінше, ішімдік ішкен ол келінінің мазасын алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Іс Арал аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 2-бөлігімен қаралды. Сотта анықталғандай, ол үйіне алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде келіп, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен. Келініне балағат сөздер айтып, мазасын алған, жанұя шырқын бұзған.

Жергілікті тұрғын бұған дейін 11 сәуір 2024 жылы осы тектес әрекеті үшін ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, ескерту алған екен. Бірақ еш нәтиже шығармай, құқық бұзушылықты қайта жасаған.

Сотта жәбірленуші мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған. Ал енесі өзінің кінәсін мойындаған.   

Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға