Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов түрмеге барды
24.01.2024 18:31
Фото:
instagram.com/kuat__khamitov
Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов пен отандық эстрада жұлдыздары Алматы облысындағы колонияға барған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарындағы №12 Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде мерекелік концерт өткен.
Аралас жекпе-жек шебері және ММА файтері Қуат «Найман» Хамитов сотталғандармен спорттың пайдасы және саламатты өмір салты жайлы әңгімелескен.
Біз сотталғандарға қолдау көрсетуге келдік. Бұл жерде де талантты азаматтар бар. Оларға өз отбасыларына тезірек оралсын деп тілейміз, - деді Хамитов.
Ал эстрада жұлдыздары Серікбол Сайлаубек, Қазыбек Әдікей, Болатбек Досыбаев, Асқар Жанұзақов пен Еркебұлан Махмұт концерт өткізді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

