Арал тұрғыны 100 келіден аса киік мүйізін сатпақ болды
Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК
03.04.2023 19:45
637
27 наурызда Қызылорда облысы бойынша ҰҚКД прокуратурамен бірге аса ірі көлемде киік мүйіздерін сату үстінде Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі комитетке сілтеме жасап.
Жалпы салмағы 100 келіден аса киік мүйізі алынды.
Бұл факт бойынша ҚР ҚК 339-бабының 3-тармағы бойынша (жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен аса ірі көлемде залал келтіре отырып заңсыз айналысу,) қылмыстық іс тергелуде, - делінген ақпаратта.
Қылмыстың ұйымдастырушысы қамауға алынды.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елден қашқан Күдебаевқа қатысты тың деректер белгілі болды
Келесі жаңалық
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды