Қара Қыпшақ Қобланды батыр
Қара Қыпшақ Қобланды батыр
Либретто: Тойшыбек Иіпұлы
Қатысушылар:
Қобланды
Тоқтарбай - әкесі
Аналық - шешесі
Қарлығаш - қарындасы
Қараман - батыр
Естеміс - батыр
Көктім - хан
Құртқа - сұлу қызы
Көбікті - хан
Қарлыға - қызы
Алшағыр - хан
Қобландының батырлары, ұлы, Қараман батырдың серіктері, жауынгерлері, Алшағырдың шешесі, батырлары, халық
Оқиға болған жерлер: Қаратау аймағы, сарыарқа, түркімен, каспий маңы аймақтары.
Бірінші көрініс
Қараспан тауы. Таудан аққан бұлақ. Тігілген аппақ киіз үйлер. Ортасында он алты қанат Тоқтарбайдың ақ ордасы. Жайылып жүрген төрт түлік мал.Қарахан,Айшабибі күмбезі және Алашахан, Жошыхан күмбездері көрінеді.
Хор
Кешегі өткен заманда,
Қарақыпшақ Қобланды,
Атасы оның Тоқтарбай
Халықтан асқан болды бай.
Байлығында есеп жоқ,
Айдалып бағып жайылды,
Төрт түлік малдың бәрі сай,
Жаз жайлауы жайлаған
Қалың Қыпшақ жағалай.
Тоқтарбайдың дәулеті,
Ішкені мас, жеген тоқ,
Бай кедейдің көңілі жай.
Қыс қыстауы Қараспан,
Қараспан көкке таласқан.
Ат үйірінен адасқан,
Қалың Қыпшақ тізіліп,
Қасына қоныс жарасқан.
Әліп таңба Қыпшақтың,
Атағы озған алаштан.
Сексенге жасы келгенше
Бір бала көрмей Тоқтарбай,
Қайғыменен қан жұтып,
Ақылынан адасқан.
Аналықтай бәйбіше
Қабырғасы майысқан.
Екеуінің зарына,
Қалың Қыпшақ қайысқан.
Тоқтарбай мен Аналық шаршап- шалдығып тәу етуге келе жатыр
Тоқтарбай
Қайран дүние, тұрақсыз,
Көз тартпас бұлақ құрақсыз,
Жетпістен жасым өткенде,
Сергелдең сексен жеткенде,
Бір перзент көрмей өмірден
Өткенім бе тұяқсыз?
О, Жаратқан, Құдірет!
Тілегімді қабыл ет!
О, Қарахан бабамыз
Рухыңмен жебеп өт!
О, Жасаған, Құдірет!
Көз жасымды қабыл ет,
Иманымды кәміл ет!
Аналық
Елуден жасым асқанда,
Алпысқа қадам басқанда,
Тар құрсақты кеңіткен,
Тас емшекті жібіткен,
Ерінді балдай еріткен,
көмкерілген көрікпен,
жалғыз перзент арманым!..
Үзбеші, Тәңірім, үміттен.
Айшабибі пір анам!
Кайтіп өмір сүре алам?
Рухыңмен жебей гөр,
Мен де өзіңнің бір балаң!
О, жасаған, Құдірет,
Тілегімді, қабыл ет!
Арып ашып, Алаша хан, Жошы хан мазаларына келіп тағы да зар еңірейді.
Тоқтарбай мен Аналық сыртта зар еңіреп жүргенде қалың Қыпшақ елі де қабырғасы қайысып, көп болып қайғырып, Тәңіріден тілек тілеуде..
Әйелдер
Әулие қоймай қыдырып, Етегін шеңгел сыдырып,
Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Аналықтай анамыз,
Тоқтарбайдай атамыз,
Бір перзентке зар болып
Қабырғасы қайысқан.
Тілегін берші,Жасаған!
Тілегін берші, Жасаған!
Ерлер хоры
Қайран дүние тұрақсыз,
Нұр төкпес көгім «шырақсыз»,
Бітпейді-ау6 өмір сынақсыз
Көз тартпас бұлақ құрақсыз.
Бір перзент сүймей өмірден
Атамыз бен анамыз,
Өтпек пе, Тәңірім, тұяқсыз?
Қайғы, мұңмен таңы атқан,
Тілегін берші, Жаратқан!
Тілегін көптің қабыл ал,
Тілегін көптің қабыл ал
Асанқайғы жырау /көріпкел/
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады.
Бақыты оянған ерлердің
Әрбір ісі оң болар,
Дәулеті күнге артылып,
Не қылса да мол болар.
Соның бірі Тоқтарбай,
Халықтан асқан болды бай.
Жаз жайлауы-Қаздыкөл,
Аққу, қазы жайлаған,
Бұлбұл құсы сайраған.
Қызыққа халқы тоймаған.
Қыс қыстауы Қараспан
Қараспан көкпен таласқан.
Шөбі шүйгін, қалың ну,
Ат үйірінен адасқан.
Қалың Қыпшақ тізіліп,
Атағы озған Алаштан.
Талай дұшпан көз салып,
Аламын деп таласқан.
Кіргізбеген жеріне,
Шығармаған өріне,
Озадырмағын төріне,
Әйгілі, жұртқа есімі,
Алаштың көкжал баласы!
Тербеткен ерлік бесігі-
Дешті Қыпшақ даласы!
Сабыр, сабыр,халайық
Тілекті Тәңірім береді!
Тоқтарбайдай ағамыз,
Аналықтай апамыз
Бір ұл, бір қыз көреді!
Ұрпағы өсіп, өнеді,
Жүрегім, соған сенеді!
Халық шуылдап:
Жүз жаса, Асанқайғы дара тұлғам! Мың жаса, Асанқайғы дана тұлғам!
Тоқтарбай мен Аналық көрінеді.
Көпшілік қуанып
Атам келеді! Көкем келеді!
Апам келеді! Әжем келеді!
Жиналған қалың қауым қайғы, мұңын көрсетпеуге тырысып ән мен жырға, биге кезек береді.
Тоқтарбай, Аналық өте көңілді, халқының ықылас пейіліне риза.
Аналық
Болды ма қабыл тілегім?!
Жарылғандай жүрегім,
Ашылардай арайым,..
Отауыма барайын!
Тоқтарбай қыр басына барып жайлап отырады.
Зыр жүгірген әйелдер Тоқтарбайдың үйіне бет алады.
Бірнеше әйел үйден шығып, қуана айқайлап
Аман-сау, апам, босанды!
Аман-сау, жеңгем, босанды!
Аман сау, әжем, босанды!
Сүйінші, сүйінші!
¥л тапты, ұл тапты! ..
Сүйінші! Сүйінші!
Қыз тапты, қыз тапты!
Қыр басына қарай жүгірген балалар, әйелдер.
Келіншектер
Ата, Ата! Сүйінші! Әжем ұл тапты! Сүйінші! Әжем қыз тапты!
Балалар
Көке! Көке! Сүйінші! Апам, қыз тапты! Сүйінші! Апам,Қыз тапты!
Тоқтарбай
0, Жасаған,Тәңірім! Тәубә, тәубә ! Мыналар неғыл дейді?!
Ұл ма, қыз ба?!
Әйелдер
Ойбай-ау, ата! Есіміз шығып кетіпті, есіміз шығып кетіпті..
Егіз бала тапты апам! Бір ұл, бір қыз, тапты апам!
Асан қайғы келеді
Ассалаумәғалейкум, Тоқтар аға!
Тоқтарбай
Шырағым,аманбысың Асанқайғы,
Білуге келдің бе інім біздің жайды?
Білесің сөздің парқын,жердің нарқын,
Таптың ба, жер ұйығын?! Жүзің жарқын!
Асанқайғы
Тоқтарбай, құтты болсын, қуанышың!
Бақ қонсын, қос құлының жұбанышың.
Қажетін қалың Қыпшақ өтеп жатсың,
Ұмытпай, келгеніңді сынақ үшін..
Әйелдер тобы. Абысындар егіз баланы көтеріп келеді
Хош, келдің, Асан аға, Асан ата,
Айтылған нақыл сөзде жоқ бір қата.
Құттықтап, думан тойға келіп қалдың,
Ат қойып, нәрестеге берші бата!
Асанқайғы
Есімің болсын, Қобланды! Қобланды! Қобланды!
Есімің қалқам, Қарлығаш! Қарлығаш! Қарлығаш!
Жігіттер тобы би билеп жүр. Кенеттен мың бұралып әсем киінген қыздар ән шырқап, би көрігін қыздыра түседі
Он бес жыл өткен соң...
Қобланды Көке!
Хабар жоқ, жалшылардан алыстағы,
Барайын, сәлем беріп, танысқалы.
Батаң бер, ел көрейін, жер көрейін,
Табармын туған-туыс,.. таныс тағы..
Тоқтарбай қиналып
Ол жақтан қазір жоқ хабар , ұзамай қалқам кеп қалар..
Қарлығаш
Көке, Апа! Қобланды көкем азамат, Жаббарға жан аманат.
Мен қаламын орнында, келтірмеспін жаман ат.
Хор.
Қарағым,жорытқанда жолың болсын,
Қасыңда қырық шілтен қыдыр болсын!!
Қарағым, жорытқанда жолың болсын,
Қасыңда қырық шілтен қыдыр болсын!
Қобланжан! Қобланжан! Қобланжан!
Қобландының агының шабысы естіледі...
Естеміс бастаған 92 жылқышы-жауынгерлер бала шағасымен қүшақ жайып қарсы алады
Хор
Қобландыға он шақты жылқышы- жауынгерлер найзаласу,
он шақтысы қылыштасу, он шақтысы садақ ату өнерін үйретеді
Естеміс
Ер қаруы бес қару, келтірген дүшпан тобасын..
Осыларды үйреніп, қасымызда боласың!
Тоқым төсеп, ер жастап, айдалаға қонасың,
Қатқан қүрт пен ірімшік, болар қалқам, жол асың.
Кеш болып барлығы да тынығуға жатады
Қобланды
Естеміс аға! Түнді жарған не дауыс?..
Мен естіген дауысты, естімедің сен қалай?
Бүл шудың қандай жыры бар?. Мен білмейтін сыры бар?
Естеміс
Арғы астында бүл таудың, Түрікменнің елі бар.жасыл да байтақ жері бар, айдынды шалқар көлі бар. Неше мың сан жылқы бар. Көктім аймақ
ханы бар,көрсетіп жатқан сәні бар.Қүртқа деген қызы бар, жүртына жайған назы бар.Ай астына аспанға, қүрды бақан қақтырып, алтын теңге аттырып, Теңгені атып түсірген, қыз Қүртқаны сол алар.
Хор
Соның даусы бүл дауыс, көптен шыққан бүл хабар.
Көңілің ауып шырағым, бүған болма ынтызар.
Көңілің ауып шырағым, бұған болма ынтызар..
Шарға салып басыңды, бола көрме сен құмар.
Шарға салып басыңды, бола көрме, сен құмар.
Қобланды
Түсіремін, атып дәл, кәміл пірлер болса жар!
Сөзіме көке, сене гөр, рұқсат, көке бере гөр!
Хор
Білмейсің жат ел даласын, жақсы менен аласын,
Арқа сүйер ағаң жоқ, соңыңнан ерген інің жоқ,
Қобланжан, қа