Жаңалықтар

Қарағандылық полицейлер Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойын атап өтті

Облыстың бас сақшысы қаза болған қызметкерлерді еске алып, үздік қызметкерлерді марапаттады.
Қарағандылық полицейлер Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойын атап өтті
Фото: Polisia.kz 23.06.2022 20:19 2684

Қарағандылық полицейлер Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойын атап өтті, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойын атап өтті. Салтанатты іс-шара Полиция департаментінің ауласында орналасқан қаза болған қызметкерлердің құрметіне орнатылған мемориалда басталды. Облыстың бас сақшысы Ерлан Файзуллинмен қаза болған қызметкерлердің туған-туыстары ескерткішке гүл шоқтарын қойып, аспанға үш мәрте оқ атып, қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, қылмыспен күрес жолында қаза болған қызметкерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Кейін департаменттің мәжіліс залында қаза болған қызметкерлердің отбасын ұлықтау, сонымен қатар ардагерлерге құрмет көрсету және қатарынан үздік шыққан қызметкерлерді марапаттау салтанатты іс-шарасы өтті.

Қарағандылық полицейлер Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойын атап өтті

– Бұл мереке – ішкі істер органдары қызметкерлерінің қажырлы еңбегіне, ерлігі мен батырлығына деген жоғары құрмет. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап полиция қызметкерлері мемлекеттегі тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қойылған міндеттерді табысты орындап келеді. Бүгінгі күні ішкі істер органдарының қалыптасуы мен дамуына, жас қызметкерлерді тәрбиелеуге үлес қосқан ардагерлерге және осында отырған қаза болған қызметкерлеріміздің отбасы мүшелеріне ерекше алғысымды білдіремін. Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, Қарағанды облысы бойынша қызмет бабында 35 қызметкер ерлікпен қаза тапты. Біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Батыр әріптестеріміздің есімі мәңгі жадымызда. Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін, – деді салтанатты шарада сөз алған облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Құттықтау сөзінен кейін сахнаға салтанатты шараның құрметті қонақтары, қаза болған қызметкерлердің отбасы мүшелері шақырылып, батыр әріптестеріміздің артында қалғандарға құрмет көрсетілді. Осыдан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және облыстық Полиция департаменті бастығының бұйрығымен марапатталған полицейлерге марапаттарын табыстау салтанаты өтті.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің құрмет грамотасымен 5 қызметкер, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің грамотасымен – 8, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен – 6, «Ішкі icтep органдарының үздігі» кеуде белгісімен – 8 қызметкер марапатталса, 9 қызметкерге алғыс жарияланып, 6 қызметкер уақытынан бұрын арнайы шен алса, сонымен қатар 8 қызметкерге бір сатыға жоғары арнайы шен берілді. Сондай-ақ, Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының бұйрығымен 75 қызметкер грамотамен, 60 қызметкер алғыс хатпен, Полиция қызмектерлері, ардагерлер және қаза болғандардың отбасын қоса есептегенде 750 адам «Қазақстан полициясына 30 жыл» кеуде белгісімен марапатталды.

Қазақстан Полициясының 30 жылдық мерейтойын атап өтудің қорытындысы облыс әкімінің құттықтауы және Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншілерінің қатысуымен кешкілік облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрында концерттік бағдарламамен аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға