Жаңалықтар

Қарағандыда жол жүру құны қымбаттайды

Сараланған тарифті енгізу туралы шешім Әділет министрлігімен келісілді. 
Қарағандыда жол жүру құны қымбаттайды
Фото: ашық дереккөзден 09.10.2022 03:40 1856

15 қазаннан бастап Қарағандының қоғамдық көлігінде сараланған тариф қолданыла бастайды, деп хабарлайды EL.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ONAY! көлік картасын пайдаланған кезде автобустар мен маршруттарда жүру құны 80 теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 150 теңге болып қалады.

Сараланған тарифті енгізу туралы шешім Әділет министрлігімен келісілді. Тиісті қаулыға "Автомобиль көлігі туралы" Заңға сәйкес қол қойылды және ақпараттық құқықтық жүйелерде жарияланды, – деп Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Алибек Дюсембеков мәлімдеді. – Сондай-ақ, қала маңындағы бағыттардағы тарифтер қалалық бағыттарға теңестірілгенін атап өткім келеді. № 118, 145 экспресс-маршруттардағы сапарлар үшін қосымша ақылар жойылады.

Жол ақысын қолма қол төлеген кезде жолаушылар ерекше үлгідегі қағаз билеттерді алатын болады. № 84, 100, 107, 121, 122, 127, 146, 165 қалааралық маршруттарда тарифтер өзгеріссіз қалады, жол ақысын тек қолма-қол төлеу керек.

Қоғамдық көлікте сараланған тарифті енгізу автобустардың жүктемесін және нақты жолаушылар ағынын бақылауға, қосымша автобустарды желіге шығаруды жоспарлауға мүмкіндік береді, деп қосты спикер. Сондай-ақ тасымалдаушыларға мемлекеттік бюджеттен берілетін субсидиялардың мөлшері түзетілетін болады.

Бүгінгі таңда қала автобустарындағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 60%-ға дейін өсті. Күн сайын ONAY! карталары бойынша шамамен 150 мың транзакция жасалады. Сараланған тариф енгізілгеннен кейін жол ақысының қолма-қол ақшасыз өсімі 95%-ға дейін күтіледі.

Желіге шығатын барлық жылжымалы бірліктерде ONAY! электрондық жол ақысын төлеу жабдығы орнатылған. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін бізде қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, қаланың әр ауданында азаматтарды тіркеу орталықтары бар. Бірыңғай көлік картасын қала бойынша 70 тен астам жерден сатып алуға болады, – деп брифингте "Алматы қаласының Көлік холдингі" ЖШС Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Георгий Когай атап өтті. – Бүгінгі таңда жолаушыларда жол ақысын төлеудің әртүрлі тәсілдері бар – карта, QR-код, көлік коды бойынша, SMS арқылы, сондай-ақ қолма-қол ақша.

Сараланған тарифті енгізу жолаушылар тасымалының барлық мәселелерін бірден шеше алмайды. Қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау үшін жыл соңына дейін автопарктер 92 жаңа автобус сатып алады. Тағы 40 көлік келесі жылы желіге шығарылады.

ONAY! электронды төлем жүйесі Қарағанды қоғамдық көлігінде өткен жылдың желтоқсан айынан бастап енгізілетінін естеріңізге сала кетеміз.

Осы уақыт ішінде қарағандылықтарға 195 мыңнан астам ONAY! картасы берілді. Олардың 111 мыңға жуығы азаматтардың жеңілдетілген санаттарына тиесілі. Бірыңғай карталарды 80 мыңнан астам азамат сатып алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға