Жаңалықтар

Қарағандыда ғылыми-сараптамалық кеңес өтті

Қарағандыда ғылыми-сараптамалық кеңес өтті
01.06.2018 01:55 2031

 

29 мамырда Достық үйінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының біріңғай мәжіліс күнінің аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау бойынша Қарағанды облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа Қарағанды ​​облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, облыстағы жетекші жоғары оқу орындарындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.

Алқалы басқосуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын сүйемелдеу бойынша облыстық Ассамблеяның қызметіне ғылыми-сараптамалық қолдау көрсету және «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асырудағы спикерлердің пікірлері ортаға салынды. 

Күн тәртібіндегі талқыланып отырған мәселе бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру аясында  аударылған алғашқы 18 кітаптың және оқу құралдарының көрмесі ұйымдастырылды. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға