Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА «МЫҢ БАЛА» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ҚАРАҒАНДЫДА «МЫҢ БАЛА» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
26.10.2018 06:02 1555

Қарағандының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қарағанды облыстық кезеңінің қорытындылау салтанаты өтті.

«Мың бала»  жобасы түрлі этникалық топтардың мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына қазақ тілі мен мәдени ортасына бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру мүмкіндіктерін кСондай-ақ, өскелең ұрпақ мемлкеттік тілде бейнесюжеттер,  мультфилмдер көріп, жобалар қорғап, тілді толық меңгеруге мүмкіндік алады. Жобаның өңірде өркендеп қанат жаюына барынша қолдау білдірген Қарағанды обылыстық білім басқармасы мен Қарағанды облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім"  КММ.

Салтанатты шараны ашқан «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын «Ел болашағының кемел болуы бірнеше фактордан тұрады.  Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді мақсат еткен аталмыш жоба соның бірі. Қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, әр түрлі жастағы жас жеткіншектерді, оқушыларды мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, еркін сөйлеуге қол жеткізу, нәтижесінде жыл сайын мемлекеттік тілді жақсы меңгерген жастардың санын мың балаға толықтырып отыру. Осы тұста жалпы білім беретін мекемелердің тигізіп жатқан үлесі орасан зор. Рухы биік елдің еңсесі де биік болмақ»,- деді ол.    

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы жемісті нәтиже көрсетуде. Атап айтқанда ағымдағы жылдың  қыркүйегінде  «Мың бала» жобасы шеңберінде ашық диктант өткізілді. Аталмыш іс-шараға этномәдени бірлестіктер өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, студенттер мен оқушылар, қоғам қайраткерлері, жалпы саны облыс бойынша 40 мың адам мемлекеттік тілде диктант жазды.

Сонымен аталмыш байқау нәтижесі бойынша «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалар номинациясы жеңімпазы - Аяулым Сүлейменова мен шәкірттері Данил Мунтян мен Владимир Большаков,  «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы номинациясы жеңімпазы - орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқытатын мұғалімдердің шеберік орталығы тренері Құралай Кубекова, «Асыл сөз» мектебі шешендік өнер номинациясы жеңімпаздары -  Приозерск қаласы №2 жалпы білім беретін орта мектебі оқушысы Владимир Кузнецов, Қарағанды қаласы №101 мектеп –лицейінің оқушысы Джейсан Ким.  

«Еркін сөйле» үздік видеороликтер байқауы жеңімпаздары болып Дарья Рейникова мен Анвар Валиев танылды.  

Шара соңында ұлттық ән мен биден мерекелік концерт қойылып, көркем сөз шеберлері өлеңдерін оқыды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға