Жаңалықтар

Қарағандыда мейірімділік пен қайырымдылық акциясының қорытындысы шығарылды

Қарағандыда мейірімділік пен қайырымдылық акциясының қорытындысы шығарылды
27.11.2018 02:56 1892

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қарағандының Достық үйінде облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында «Шынайы жандар» акциясы өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш акция ағымдағы жылдың 1 маусымында бастау алған "Жүректен жүрекке" қайырымдылық жобасының қорытындысы болып табылады.

Марапаттауға қайырымдылық қызметті барынша қолдап, акцияны жүзеге асыру кезінде жан-жақты көмек көрсеткен әкімдіктер, әріптес ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, Тұңғыш Президент мұражайы өкілдері және ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.  

Акцияны қолдауға атақты спортшы Дмитрий Карпов, "Шахтер" клубының футболшылары Сергей Финонченко мен Игорь Солошенко да келді. Іс-шараның басты қонақтары - мүмкіндіктері шектеулі балалар болды.

«Қайырымдылық акцияларының әрбір қатысушысы бірінші кезекте үлкен әріптен тұратын қоғамның бір бөлшегі, сол себепті бұл қызмет ерекше рөл атқарады.  Іс-шара ұйымның жыл бойы атқарған жұмыстарының қорытындысын шығару ретінде өткізілуде», - деп атап өтті Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Жанаргүл Құлмағамбетова.

Естеріңізге сала кетейік, "Жүректен жүрекке" жобасына  10 компания қатысты.

Бұдан әрі қайырымдылық эстафетасын Жаңарқа ауданы, Қаражал, Саран және Қарағанды қалалары жалғастырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға