Жаңалықтар

Қарағандыда ҚХА Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері білім саласының өзекті мәселелерін талқылады

Қарағандыда ҚХА Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері білім саласының өзекті мәселелерін талқылады
18.09.2019 18:08 2510

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бірқатар жобаларды жүзеге асыруға серпін берді. Қарағандының Достық үйінде өткен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының (ҒСТ) отырысында Қарағанды өңірінде білім беру саласында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны талқыланды.

Қарағандыда ҚХА Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері білім саласының өзекті мәселелерін талқылады 

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, ҒСТ жұмысының негізгі бағыттары әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси даму үрдістерін бағалау, этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім саласындағы жағдайды болжау болып табылады.

Ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері білім беру саласына ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Үкіметке ғылыми зерттеулер деңгейін арттыру мәселесін қарауды, сондай-ақ оларды іс жүзінде қолдануды тапсырды.

«Тағы бір өзекті мәселе – оқулықтардың сапасына қатысты. Оқулықтарда қателіктер, қисынға келмейтін, нақты дәлдікке жанаспайтын ақпараттар жиі кездеседі. Бұл, әсіресе Қазақстан тарихы бойынша оқулыққа қатысты. Мұндай жаңсақ  үрдіске жол бермей, орын алған олқылықтарды уақыт оздырмай өзгерту керек», - деп санайды танымал тарихшы Нұрсахан Бейсенбекова.

Өз кезегінде «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік-тарихи жобаларды жүзеге асыруға кірісіп кетті. Олардың бірі ретінде этностардың интерактивті картасын атап өтуге болады. Ол туралы облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Вилен Молотов-Лучанский өз пікірін былайша ортаға салды:

«Біздің арамызда өмірден көргендері мен көңілге түйгендері мол, еңбекпен есейіп, біліммен буындарын бекіткен азаматтардың аз емес екендігін қалың жұртшылық, оның ішінде жастарымыз білулері қажет. Оларды алыстан іздеп қажет емес, олар біздің арамызда. Соларды танып-білуге талпынуымыз қажет».         

Қарағандыда ҚХА Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері білім саласының өзекті мәселелерін талқылады

Сондай-ақ, алқалы басқосуда Ассамблея мүшелері ғылыми жобалар байқауының қорытындысын шығарды. Оған 11 адам қатысты. Бірінші орынды Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың докторанты Жәнібек Жартай жеңіп алды. Оның жұмысы жастар кәсіпкерлігіне арналған.

«Әрине, жас ғалымдар арасындағы мұндай байқаулар қоғам алдындағы жаһандық мәселелерді шешуге көмектеседі. Біз, жастар, тұрғындарды толғандыратын мәселелерді көтеруіміз керек. Біздің облыста мемлекет басшысының Жолдауы аясында еліміздің дамуына қомақты үлес қосқан адамдар және Қазақстан әйелдері туралы монография шығаруға дайындық жүріп жатыр», - дейді Жәнібек Жартай.

Қарағандыда ҚХА Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері білім саласының өзекті мәселелерін талқылады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға