Жаңалықтар

Қарағандыда Х облыстық шығармашылық марафон өтті

Қарағандыда Х облыстық шығармашылық марафон өтті
20.05.2019 16:38 3969
Қарағандының Достық үйінде «Алые паруса» Х-шы облыстық шығармашылық марафонынының гала концерті өтті.

Алые паруса1.jpg

Аталмыш шара облыстық түзету мектеп-интернаттарының балалары мен жасөспірімдері және балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында 2009 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Алые паруса4.jpg

Гала-концертке облысымыздың әр өңірінен жиналған 6-18 жас аралығындағы үздік ұжымдар мен орындаушылар қатысты.
Олар марафон бойы вокал, хореография, сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері, театр ұжымдары, аспаптық, ауызекі сөйлеу және өзіндік жанрлар атты жеті номинация бойынша өнер жарыстырды.

Алые паруса10.jpg

Концертке қатысушылар әуелете ән салып, мың бұрала би билеп, күмбірлете күй төгіп, мәнеріне келтіріп өлең де оқыды. Қоғамда барлық жанның өзіндік орны бар екенін тағы бір мәрте дәлелдеген марафонға қатысушы барлық жеткіншектер жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көрерменді таңқалдырды.
Көру қабілеті нашар жас домбырашы Ерназар Амантаев «Әлқисса» күйін шеберлікпен ойнап көрермен көңілінен шықты.
Ең кішкентай қатысушы 6 жасар Сергей Касьянов «Мен жолға сурет саламын» әнімен көрерменді бей-жай қалдырмады.

Алые паруса 15.jpg

Барлық қатысушылар ешқандай фонограммасыз, жанды дауыста өнер көрсетті. Шара соңында барлық өнерпаздар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Қайырымгерлер мен мецанаттар клубының арнайы дайындаған демеушілік сыйлықтарына ие болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға