Жаңалықтар

Қарағанды ​​облысының ҚХА-сы зағип және көру қабілеті нашар балаларға арналған музыкалық аспаптар туралы кітап шығарды

Қарағанды ​​облысының ҚХА-сы зағип және көру қабілеті нашар балаларға арналған музыкалық аспаптар туралы кітап шығарды
23.10.2019 09:51 4080

Қарағанды ​​қаласы Достық үйінің қызметкерлері мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы зағип және көру қабілеті нашар балаларға арналған ерекше тактильді кітап шығарды.

Қарағанды ​​облысының ҚХА-сы зағип және көру қабілеті нашар балаларға арналған музыкалық аспаптар туралы кітап шығарды

Брайль қарпімен жасалған ұлттық аспаптар туралы кітап «Жанға жақын әуендер» деп аталады. Тактильді, яғни жанасу, сезіну арқылы оқылатын кітапты бисермен тоқу сияқты түрлі қолөнер бұйымдарын пайдалана отырып әзірлеген. Кітапты қолмен ұстап сезіну арқылы оқитын зағип бала әртүрлі этностардың ұлттық аспаптарымен және оның ежелгі тарихымен таныса алады.

Қарағанды ​​облысының ҚХА-сы зағип және көру қабілеті нашар балаларға арналған музыкалық аспаптар туралы кітап шығарды

Достық үйінің мұражайы мен кітапхана қызметкерлері, «Қазақтану» орталығының мамандары Данагүл Садырбаева, Мереке Алшынбаева және Жомарт Мәлік бұл кітапты Қарағандының ​​зағиптарға арналған арнайы кітапханасының 50 жылдық мерейтойына орай «Мир на ладони» атты ең үздік тактильді кітап байқауына қатысу үшін дайындаған.

Қарағанды ​​облысының ҚХА-сы зағип және көру қабілеті нашар балаларға арналған музыкалық аспаптар туралы кітап шығарды

Кітап атворларының ақпаратына сәйкес, кітап жеңіл, берік, ең бастысы, қауіпсіз. Ұсақ бөлшектер өткір емес, әрі ұстап көруге өте ыңғайлы. Қазақтың домбырасы болсын, корей халқының темпл-блогы немесе поляк лигавкасы болсын, әрбір аспап тегістеліп ағаштан жасалған және экологиялық таза сырланған. Кітаптың әрбір бетінде аудио ақпарат, брайль және кириллицадағы мәлімет сипаттамасы қоса берілген. Сондай-ақ, кітаптың флэш-картасы, қуаттағышы мен дыбыс шығаратын құрылғысы тағы бар.

Қарағанды ​​облысының ҚХА-сы зағип және көру қабілеті нашар балаларға арналған музыкалық аспаптар туралы кітап шығарды

«Біздің басты міндетіміз - мүмкіндігі шектеулі балаларға қызықты, қарапайым, түсінікті де қол жетімді тілмен қоршаған әлем, түрлі этностардың мәдениеті туралы нақты түсінік беру», - дейді Данагүл Садырбаева.

Байқаудың нәтижесі жақын арада шығады. Зағип жандар кітапханасының библиографы Нұржамал Тілеубергенованың айтуынша, конкурсқа өтініштер көп, әр жұмыстың өзіндік ерекшелігі бар. Ең бастысы, бұл кітаптар пайдалы әрі танымды. Сондай-ақ, байқаудың арқасында кітапхана қоры жаңа басылыммен толықтырылады.

Қарағанды ​​облысының ҚХА-сы зағип және көру қабілеті нашар балаларға арналған музыкалық аспаптар туралы кітап шығарды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға