Қарағанды облысында «Жібек жолы бойындағы сұхбат-2018» жобасы өтті
27.09.2018 12:19
2196
26-27 қыркүйек күндері Қарағанды облысының Балқаш қаласында «Жібек жолы бойындағы сұхбат-2018» Халықаралық жобасы өтті.
Біздің елімізде бұл жоба 2007 жылдан бастап қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтың бастамасымен, Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісімнің» жүзеге асыруымен ұйымдастырылып келеді. Мақсат – орта Азия елдері арасындағы халықтарды жақындастыра түсу, дүниежүзілік мәселерді айта отырып, оның шешілуіне үлес қосу. Міне, ауқымы зор, салмақты жиын Қарағанды облысында алғаш рет өткізіліп отыр. Қасиетті Бектау ата жерінен бастау алған шара Балқаш қаласындағы Рухани жаңғыру орталығының ашылуымен, Балқаш күзі фестивалімен жалғасты.
Іс-шараларға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, жазушы, мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуэзов, Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Өзбекстанның, Қытай мен Ресейдің сарапшылары, философтары, саясаттанушылары, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің, кафедраларының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, студенттер, ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Бұдан әрі, бағдарлама аталмыш жобаның 10 жылдық тарихын баяндайтын режиссер Э. Цойдың «Жібек жолы бойындағы сұхбат» атты деректі фильмінен басталды. Көрсетілімнен соң, «Ұлы Жібек жолы - тарих және қазіргі заман» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Алқалы жиынды Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко пен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішев ашып берді. Дөңгелек үстелдің модераторы, жоба жетекшісі Мұрат Әуезов.
Сарапшылар мәдениеттанушы, шығыстанушы-музыкатанушы, Өзбекстан композиторлар Одағының мүшесі Александр Джумаев, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры, философия ғылымдарының докторы Альмира Наурызбаева, қырғыз ақыны Перизат Алмазова,
Тәжікстан Республикасы Ғылым академиясының Азиялық және Еуропалық зерттеулер институтының директоры Ниези Ермахмад баяндама оқыды. Конференция барысында қатысушылар Ұлы Жібек жолының дәстүрлерін жалғастыруға байланысты өз ойларымен бөлісті, сондай-ақ оның жалпымәдени құндылықтарды, этносаралық және конфессияаралық толеранттылықты қалыптастырудағы рөлін талқылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
27 қыркүйек кинопремьералары