Жаңалықтар

Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінген қаражат жымқырылған

Бюджет қаражатын жымқыру қылмыстық схемасы бойынша іс тергеліп жатыр
Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінген қаражат жымқырылған
Фото: egemen.kz 16.09.2022 10:01 1095

Қаржылық мониториг агенттігі Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды санаториялық-курорттық емделу, сауықтыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру қылмыстық схемасы бойынша іс тергелуде, деп хабарлайды El.kz агенттікке сілтеме жасап.

Тергеу барысында тапсырыс беруші мен ЖШС арасында мерзімі наурыздан желтоқсанға дейін мүгедектерді санаториялық-курорттық емдеу, емдік-сауықтыру демалысын қамтамасыз ету бойынша 50 млн теңгеге жуық сомаға мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалғаны анықталды.

Тапсырыс берушінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын тексеру актісімен, мүгедектердің шипажайға барудың жалған фактілері анықталған. ЖШС-ға бір жарым миллион теңгеге жуық қаражат негізсіз төленген.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға