Жаңалықтар

Қарағанды облысы бойынша департаменті азамат Елубайұлына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады

Бұл туралы Қаржылық маниторинг агенттігі мәлімдеді
Қарағанды облысы бойынша департаменті азамат Елубайұлына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады
Фото: egemen.kz 16.08.2022 16:27 1354

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті азамат Елубайұлына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қаржылық маниторинг агенттігі мәлімдеді.

Ол 2021-2022 жж. локомотив депосының машинистерінен дизель отынын сатып алып, Жаңаарқа ауданы және Жаңаарқа кентінде өткізу үшін сертификатталмаған екі цистернада сақтаған. Тексеру барысында жер асты цистерналарынан жалпы құны 3,5 млн теңгеден асатын құжаты жоқ 15 тоннадан астам дизель отыны табылды. Тергеу барысында «ҚТЖ» АҚ филиалы қызметкерлерінің қатысуымен дизель отынын ұрлау схемасы анықталды. Ұрлыққа қатысы бар 9 қызметкер жұмыстан босатылды. Сот үкімімен Елубайұлы Ө. кінәлі деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

– Құрметті азаматтар! Мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, Агенттіктің сенім телефондарына және ҚМА аумақтық департаменттеріне хабарлауыңызды сұраймыз,– делінген хабарламада.

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға