Жаңалықтар

«Арқар» көпірі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді
«Арқар» көпірі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды
Фото: gov.kz 02.09.2022 09:55 1267

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен «Арқар» М-1 көпірінің және Момышұлы мен Қошқарбаев көшелерінің қиылысы толық жабылғанын мәлімдейді, деп хабарлайды El.kz порталы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Арқар» М-1 көпірі мен жол қиылысы орташа жөндеу жүргізу үшін 2 қыркүйек 20:00-ден 5 қыркүйек 06:00-ге дейін жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», – делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға