Жаңалықтар

Ақжүрек Таңатаров интернаттың жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржыны жымқырды деген айыпқа жауап берді

Ақжүрек Таңатаров интернаттың жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржыны жымқырды деген айыпқа жауап берді
Фото: Видеодан алынған кадр 30.05.2023 17:02 1395

Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысындағы спорт интернатының жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржысын жымқырды деген айыпқа жауап берді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерле Ақжүрек Таңатаровтың Жамбыл облысы денешынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі» МКК басшысы қызметін атқара отырып жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржыны қалтасына басқаны туралы хабар тараған. Олимпиада жүлдегері мұны жоққа шығарып, видеоүндеу жасады.

Одан қалды журналист Михаил Козачков өзінің телеграмдағы парақшасында интернаттың суреттерін салып, жағдайының мүшкіл екенін жазған болатын. Олимпиада жүлдегері интернаттың бүгінгі күйі шынымен де көңіл көншітпейтінін растап отыр.

Журналистің салған суреттері 2018-2019 жылдары түсірілген. Бірақ интернаттың жағдайы қиын екені рас. Себебі бұл ғимарат салынғалы, яғни 2003 жылдан бері бұл жерге жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Мен келгелі төсек-орындарды ауыстырдым, оған дейін олар да ауыспаған. 2023 жылдың 21 қаңтарында «Дала қырандарының» спортшыларымен өткен семинарда Жамбыл облысындағы спортта бар проблемаларды БАҚ өкілдеріне айтқанмын. Міне, осыдан кейін бәрі басталды. Жұмыстан кетуім де табан астынан болды. Қашан да шындықты айтамын, ешкімнен қорықпаймын. Мақсатым – интернаттағы басшылық қызметке оралу емес, тек атымның таза екенін көрсету. Спортта да әділетті Қазақстанды орнату, - дейді Таңатаров.

Одан қалды спортшы Мәдениет және спорт министрлігін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті Жамбыл облысының спортын тексеруге шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға