Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ақын Жеңіс Ароновтың туғанына 80 жыл толды

Бүгін – белгілі ақын, журналист, қоғам қайраткері Жеңіс Ароновтың туғанына 80 жыл, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жеңіс Аронов 1945 жылы 5 қыркүйекте Атырау облысы, Забуруное ауылында дүниеге келген. Ол ұзақ жылдар бойы білім саласында еңбек етіп, облыстық газет-журналдардың бас редакторы болды.

Ақынның өлеңдері мен әңгімелері облыстық, аудандық, республикалық басылымдарда және «Жалын» баспасынан шыққан ұжымдық жинақтарда жарияланған. «Жайықтың жайсаң самалы» (2000), «Нұр сәуле» (2003), «Доссор түлектері» (2005) сияқты жинақтардың авторы.

Қоғамдық қызмет те атқарып, мемлекеттік тіл мен ұлттық құндылықтарды насихаттады. Еңбегі еленіп Құрмет грамотасымен, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған.