Жаңалықтар

Ақын Серікзат Дүйсенғазы жаңа қызметке тағайындалды

Ақын Серікзат Дүйсенғазы жаңа қызметке тағайындалды
Фото: ENU 30.05.2024 14:17 22329

Ақын Серікзат Дүйсенғазы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалды. Тәжірибелі маман 22 жылдан бері ENU қабырғасында еңбек етіп келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Серікзат Дүйсенғазы ENU еңбек жолын 2002 жылы қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып бастады. Ол кейін доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті.

Серікзат Дүйсенғазы филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалғанға дейін ENU «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының меңгерушісі болды.

Филология ғылымдарының кандидаты 100-ге жуық ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің, сондай-ақ Web of Science және Scopus деректер қорындағы мақалалардың авторы.

Серікзат Дүйсенғазы 2005 жылдан бері ENU «Топжарған» жас ақындар клубының жетекшісі ретінде студенттерге тәлім беруде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға